Мемлекет басшысы Минск әуежайына келді

0
77

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусияға мемлекеттік сапармен келді. Елбасы мінген ұшақ Минск Ұлттық әуежайына қонды деп хабарлайды БЕЛТА.

Нұрсұлтан Назарбаевты әуежайда бірінші вице-премьер Василий Матюшевский күтіп алды. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан және Беларусия президенттерінің ресми келіссөздері өтеді деп жоспарлануда. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және басқа да көптеген перспективалы бағыттар қарастырылған.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз