Алғашқы Қазақстан-Перу саяси консультациясы өтті

0
58

28 қараша Лимада Қазақстан-Перу саяси консультацияларының бірінші кезеңі өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Перу тарабынан Перу Сыртқы істер министрінің орынбасары Нестор Пополизио басқарды деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Консультациялар барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты практикалық мазмұнмен кеңейту және толықтыру, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті нығайту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша қадамдар жасау үшін саяси диалогты одан әрі тереңдету туралы өзара ниеттестік білдірді. Екі жақты ынтымақтастықты жандандырудан басқа, тараптар халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдармен алмасты. Атап айтқанда, халықаралық саясатта шешуші мәселелерді шешу жолдарының ұқсастығын, жаңа қауіп-қатерлермен күресудегі ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы өзара іс-қимыл барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері саяси консультациялардың тетігін құру туралы меморандумға қол қойды, бұл Қазақстан -Перу құқықтық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз