Алматыда балалар бір ай бойы тегін шаңғы тебе алады

0
135
Photo: zigzagski.com

Алматы әкімшілігі “Алматы Спорт” әлеуметтік жобасын ұйымдастырушылармен бірге 10-12 жастағы балаларды тау шаңғысын тебуге тегін үйретпек.

Жаттығу желтоқсан айының 1-і мен 31-і күндері аралығында “Шымбұлақ” демалыс аумағында өтеді деп жоспарлануда.  Бір балаға жаттығуға 60 минут уақыт берілген. Жаттығуға қажетті керек-жарақтың барлығы тегін. Жаттығуға бірінші кезекте көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары алынады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-аналардың төлқұжаты мен баланың туу туралы куәлік көшірмесі. (2 данадан)
  2. Көпбалалы немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасы екендігін растайтын құжат (егер болса).
  3. Тұрғылықты мекен-жайыңызбен телефон номерыңыз.
  4. Баланың мектепте қай ауысымда оқитындығын көрсету.

Жобаға аlmatysporty.kz сайтына немесе Бөгенбай батыр 66 мекен-жайы бойынша тіркелуге болады. Құжаттардың скенерленген нұсқасын info@arnage.kz поштасына немесе +7(707) 245 -72-55 WhatsApp нөміріне жіберуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (727) 291-33-24, +7 (707) 245-72-55 (WhatsApp), +7 (707) 343-96-77, +7 (778) 352-61-41 хабарласыңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз