Ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салды

0
84
Генерал Рүстем Қайдаровты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі. Алматы, 29 қаңтар 2019 жыл.Photo: almaty.tv

Ұшақ апатынан көз жұмған Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаровты 29 желтоқсанда Алматыда соңғы сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналған.

Сондай-ақ ұшақ апатынан қаза болған журналист Дана Круглова мен дәрігер Арман Исинді Нұр-Сұлтанда соңғы сапарға шығарып салды. Қала әкімдігі жерлеу рәсімінің барлық шығынын өз мойнына алғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында апаттан кейін зардап шеккендерге донор болған, ұшақ апатқа ұшыраған жерде тамақ істеп көмек қолын созған Гүлдала ауылының тұрғындарына алғысын айтты.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлады. Ұшақ бортында 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. 12 адам қаза тапты. Ондаған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланған. Сенбі күні бірқатар қалаларда тұрғындар қаза болғандардың рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.

27 желтоқсан күні премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатының себептері туралы болжам айтты. Оның сөзінше, ұшақ ұшқыштың қателігінен немесе техникалық ақаудан құлауы мүмкін.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин апаттан қаза болғандардың отбасына төрт миллион теңгедан (шамамен 10,5 мың доллар) төленетінін айтты. Bek Air компаниясының лицензиясы тоқтатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз