АҚШ президенті Дональд Трамп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Time журналы нұсқасының «Жыл адамы» атағына үміткерлер тізіміне енгізілген. Бұл туралы дүйсенбі күні NBC телеарнасы хабарлады деп мәлімдейді ТАСС.
Трамп бұған дейін де 2016 жылы президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін «Жыл адамы» атағына ие болған еді.
Сонымен қатар аталған атақтың номинаттары тізімінде әлемдегі бай адамдардың бірі, америкалық кәсіпкер Джефф Безос, арнайы тергеуші, 2016 жылғы АҚШ-та өткен сайлауға Ресейдің мүмкін араласуын тергеуші Роберт Мюллер, Корольдікте жемқорлыққа қарсы науқанды бастаған мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салман, нәсілшілдікке қарсы науқан ұйымдастырған футболшы Колин Кэперник және «Чудо-женщина» фантастикалық боевигын жасақтаған режиссер Пэтти Дженкинс бар.
Атап өтерлігі, Time журналы «Жыл адамына» 1927 жылдан бері таңдау жүргізіп келеді. Бұл атаққа алғашқы рет ие болған тұңғыш рет Атлант мұхитына жалғыз ұшып шыққан америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг еді. «Жыл адамы- 2017» иегері сәрсенбі күні белгілі болады.
Сабина Сайлаубай