Мен өзімді бостандықтамын деп есептемеймін – С. Матаев

0
89

Мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты дүйсенбі күні Алматы облысы Заречное ауылында отбасы туыстары қарсы алды.

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, журналистерге берген сұхбатында Матаев «Аса қуанышты сезімде емеспін. Ұлым әлі түрмеде жатқанда мен өзімді бостандыққа шықтым деп есептемеймін. Біздің халімізді білесіздер, бұл саяси тәртіп болғандықтан біз кінәні мойнымызға алмадық. Барлық айыптаулар мен прокуратураның, соттың шешімін қабылдамадық. Ұлымыз екеуміз рухымыз бен күш жігеріміздің арқасында көпке шыдай білдік», деді.

Сейітқазы Матаев сондай-ақ, ем қабылдауға біраз уақыт қажет екенін, содан кейін ғана кәсіби қызметіне кірісетінін айты кетті.

Матаев «Мен ешкімге ренжімеймін, біреуге қарсы жамандық жасап, кек қайтармаймын. Мен ол адамдардың қатарынан емеспін себебі қажылық сапарымды орындағанмын. Мен үшін бұл маған берілген сынақ болды», деп қосты.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз