Қырғызстан шекараға қатысты шағымдарын қайтарады

0
46
дереккөзден

Қырғызстан бұған дейін Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) және Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) Қазақстанның әрекеттері туралы шағымдарын кері қайтарады. Бұл туралы сейсенбі күні Қырғызстанның вице-премьері Толқынбек Әбдіғұлов мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

Т. Әбдіғұлов ЕЭК пен ДСҰ-ға жолданған шағымдардың кері қайтарылатынын және оған қырғыз тарабының құқы барын мәлімдеді. Вице-премьердің айтуынша, мұндай механизмдер, егер тараптар даулы мәселелер бойынша келісімге келсе, аталған ұйымдардың нормаларымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар вице-премьер ЕЭК пен ДСҰ аясында жағдайды тұрақтандыруға бар мүмкіндіктерді қолданғандарын да алға тартты.

Т. Әбдіғұлов атап өткендей, қазір Қырғызстан үкіметі қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайға байланысты шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге зиянды өтеу нұсқаларын қарастыруда.

Еске салсақ, шекарадағы жағдай 10 қазаннан кейін яғни Қазақстан бақылау бекеттері арқылы тауар қозғалысына бақылауды күшейткеннен кейін күрделене түсті. Нәтижесінде, бақылау бекетінің екі бағытында да үлкен жүк кезегі пайда болып, жағдай Бішкек тарабының наразылығын тудырып, кейіннен Бішкек тарабы ЕЭК пен ДСҰ-ға шағымданды.

Тараптар 2 желтоқсанда Астана қаласында кикілжіңді реттеу жол картасына қол қойды. Құжат 50 пункттен тұрады және шекара арқылы өтетін жүктерді бірлесіп бақылауды күшейтуді көздейді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз