Ақордаға кірмек болған наразылар 5 тәулікке қамалды

0
71
Наразылыққа шыққандарды полиция "Ақордаға" жібермей бөгеп тұр. 17 ақпан 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

17 ақпанда Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев және сенат спикері Дариға Назарбаевамен кездесу мақсатында Ақордаға өтуге тырысқан наразы топ жауапқа тартылып жатыр.

Азаматтық белсенділер Санавар Закирова мен Мадина Күкетаева Акордаға кірмек болғаны үшін бес тәулікке қамалды.

“Күкетаеваға қатысты азаматтық, әкімшілік іс қаралды. Ол 5 тәулік қамауға алынды”, – деп түсіндірді қалалық сотта.

Сонымен қатар, жақтастарының айтуынша “Біздің құқық” партиясын құрмақ болып жүрген Санавар Закирова да бес тәулік әкімшілік қамауға алынған.

Сондай-ақ, кеше кешкісін қаржы қызметтері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің басшысы Қанағат Такееваға да осындай жаза қолданған. Сот оны 667-бап бойынша (“полицияға бағынбау”) бес тәулікке қамауға алған.

Олар 60 адамнан тұратын топпен бірге “Нұр Отан” партиясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сенат спикері Дариға Назарбаевамен және президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановпен кездесуді талап еткен болатын.

Наразылық акциясына шыққан адамдар арасында пәтер алу үшін алдын ала үлес ақша салып, қайта ала алмаған үлескерлер мен көп жылдан бері несиесін өтей алмай жүрген борышкерлер және сот шешіміне наразы әртүрлі топтар бар. Олар бұрын жеке наразылық білдіріп жүргенін, осы жолы наразылыққа бірге шыққанын айтқан.

Мүгедек бала бағып отырған әйелдер атынан келген белсенді тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беруді сұрайды. Сот шешіміне наразылардыың ішінде Қазақстанның бірнеше өңірінен келгендер бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз