14 наурыз күні Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус табылды. 1958 жылғы ер адам 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген.
Коронавирус сонымен бірге Варшавадан Нұр-Сұлтанға ұшып келген бір әйелден анықталды.
Осылайша коронавирус жұқтырғандар саны алтыға көбейді.
“Оның төртеуі – Алматы қаласында, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында” деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Министрлік мәліметінше, қазір Қазақстан бойынша стационарлық карантинде 1090 адам жатыр. 452 адам үй жағдайындағы карантинде.