24 сәуірде таңертең Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте бір (1968 жылы туған), Алматы қаласында коронавирустан бір науқастың (1957 жылы туған) қайтыс болғанын хабарлады. Министрлік әзірге толық мәлімет айтқан жоқ.
Қазақстанда коронавирустан барлығы 22 науқас қайтыс болған. Министрлік әзірге науқастар туралы мәлімет айтқан жоқ.
Шымкент қаласында төрт адам вирустан қайтыс болған. Қалада вирус жұқтырғандар 133 адам болды. 18 адам жазылған.
4 сәуірден бастап Шымкент қаласы карантинге жабылған. 19 сәуірде рұқсат етілген жұмысшы топтан бөлек адамдардың жаяу және жеңіл көлікпен жүруіне тыйым салынды.
Алматы қаласында жеті адам вирустан қайтыс болған. 23 сәуірде қалада 1964 жылы туған әйел адам қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел бірнеше созылмалы аурулармен ауырған.
Алматыда вирус жұқтырғандар 764 адам болды. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Алматыда 19 наурыздан бері карантин жарияланған.