Қазақстанда тағы 67 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 7, Шымкент қаласында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 8, Ақтөбе облысында – 1, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 30 сәуір таңертеңгі сағат 9.40-та хабарлады.
Қазақстанда барлығы 3205 адамға вирус жұққан. 819 адам жазылған. 25 адам қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырған 3205 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 944
- Нұр-Сұлтан қаласы – 627
- Қызылорда облысы – 198
- Шымкент қаласы – 190
- Қарағанды облысы – 149
- Атырау облысы – 135
- Батыс Қазақстан облысы – 146
- Түркістан облысы – 124
- Павлодар облысы – 128
- Алматы облысы – 122
- Жамбыл облысы – 116
- Ақмола облысы – 99
- Ақтөбе облысы – 82
- Қостанай облысы – 49
- Маңғыстау облысы – 46
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 20
Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова 29 сәуір күнгі брифинг кезінде Қазақстанда вирус жұқтырғандар 8 пайыздан 5,5 пайызға азайды, бірақ жекелеген аймақтарда сырттан келгендерден вирус анықталуына байланысты науқастардың өсуі байқалады деп мәлімдеген. Ол мамыр айының соңына дейін науқастар 5300-ге жетеді деп болжайды.