Назарбаев пен Жээнбеков қырғыз басшысының Қазақстанға сапарын талқылады

0
72
Ақорда

Бүгін 6 желтоқсанда Қазақстан президенті мен Қырғызстан президенті телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және аймақтық күн тәртібін талқылады.

Екі ел президенттері ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Астана қаласында екі елдің үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Осы тұрғыда Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шекарадағы бақылаудың алып тасталғанына және қазақ-қырғыз шекарасының күнделікті қауіпсіздік режиміне көшуіне алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулердің кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапарын да қарастырды.

Телефон арқылы тілдесуге қырғыз тарабы бастамашы болды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз