Мемлекет басшысы ЭКСПО көрмесіне қатысты шенеуніктерді сынға алды

0
40
Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 технологияларын енгізу және пайдалану бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Мемлекет басшысы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін сәтті өткізгенімізді алға тартып, аталған шарадан кейін 2 ай өткенін және ЭКСПО көрмесі ұмыт бола бастағанын атады. Мемлекет басшысы неге біз онда үлкен жұмыс жасадық? деп сұрақты төтесінен қойып, елге баламалы технологиялар бойынша әлемдегі үздік жетістіктерді көрсету үшін мамандар келгенін телекөпір барысында алға тартты деп хабарлайды Қазақпарат.

Елбасының айтуынша,  Үкіметке осы инновацияларды практикалық қолдану, енгізу және пайдалану бойынша жүйелі жұмыс жасау қажет. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Үкімет пен Парламент «Астана» Халықаралық қаржы орталығын дамытуға барынша көмек көрсетуге тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Н. Назарбаев шенеуніктерді жастардың әр түрлі пайдалы өнертабыстарына көбірек назар аударуға шақырды. Осы орайда мемлекет басшысы жақында Қазақстанның 100 жаңа есімімен кездескенін әрі жас жігіттің университет жертөлесінде энергияны 30 пайызға үнемдейтін электр құрылғысын ойлап тапқаны туралы ойға алды. Бұл туралы қайсыларыңыз білесіздер? деп сұрақ қойған мемлекет басшысы шетелде бұл жігіт бірден назарға ілігетіндігін атап көрсетті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз