«Yildirim Holding» сода өндіретін зауыт жобасын салу туралы айтты

0
72
Ақорда

Мемлекет басшысы «ЭКСПО Конгресс орталығында» «Yildirim Holding» компания басқармасының төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылады.

Өз кезегінде «Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз