Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блокпостта қаза тапқан екі полиция қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін:
ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен
Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;
ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен
Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі награтталды.
Еске салайық, 25 мамырда Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып, екі полиция қызметкері көз жұмған болатын.
Сондай-ақ, жүргізушінің бұрын 6 жыл полицияда жұмыс істегені белгілі болған.