Сыртқы істер министрі Австрия президентімен кездесті

0
69
ҚР СІМ

Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері (СІМ) кеңесінің 24-ші отырысы басталады, онда Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов қатысады деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

6 желтоқсанда Австрияның Федералды Президенті Александр Ван дер Беллен Қ. Әбдірахмановты қабылдады, бұл А. Ван дер Белленің Қазақстанның ресми тұлғаларымен алғашқы кездесуі болды.

Австрия президенті Сириядағы қақтығысты деэскалациялау үдерісінде Қазақстан басшылығының салмақты жетекшілігін әсіресе, ядролық қарусыз әлемді нығайтуда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің халықаралық құрылымдарда, атап айтқанда БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да жемісті ынтымақтастығы талқыланды. Еуропалық Одақ арқылы Қазақстанға, әсіресе Еуропалық Одақпен серіктестікті кеңейту туралы Келісім аясын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Дәл сол күні Қазақстанның Австриядағы елшілігінде Қ. Әбдірахмановтың Австрия-Қазақстан қоғамының басшылығымен, Австрия мен Словениядағы Қазақстанның құрметті консулдары, австриялық экономикалық ведомстволар мен іскер топтардың өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстандағы кешенді реформалар, оның ішінде ҚР Президентінің Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: ғаламдық бәсекеге қабілеттілік», «Рухани жаңғыру» болды.  Жетілдірілген технологиялар мен заманауи инновацияларға ие болған австриялық компаниялардың Қазақстандағы нақты жобаларға қатысу мүмкіндігі бар. «ЭКСПО-2017» халықаралық «жасыл» технологиялар орталығы және инвестициялық жобалар, IT-старттардың хабы негізінде құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне ерекше назар аударылды.

Атап өтерлігі, 7-8 желтоқсанда Қ.Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады және делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз