Трамп Ресейге қатысты жаңа санкциялар мақұлдады

0
49
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты жаңа санкциялар мақұлдады, деп хабарлайды Politico АҚШ президенті әкімшілігінің жоғары дәрежелі дереккөзіне сілтеме жасай отырып.

БАҚ өкілдерінің пікірінше,жаңа шектеу шаралары Орта аралық және қысқа аралық зымырандарды жою туралы шарттан Ресейдің бас тартуына жол бермеу. Аталған санкциялар Ресей басшылығының «экономикалық жоспарларын өзгертуге» мүмкіндік береді.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, Мәскеу екі елге 500-ден 1000-ға дейін және 1000-нан 5500 шақырымға дейінгі зымырандар шығаруға тыйым салу келісімін бұзуда.

8 желтоқсанда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Томас Шеннон Ресей Орта аралық және қысқа аралық зымырандарды жою туралы шартты бұзса, орта аралықтағы зымыран жүйесін жасау үшін әскери шешімдерге баруға дайын екенін мәлімдеді.

Мәскеу өз кезегінде, егер АҚШ келісімнен бас тартса, Ресей әлдеқайда қуатты қару дайындайтындарын айтып, жауап қайырды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз