Сенатор: Жыл сайын 10 млрд теңге тиімсіз жұмсалады

0
102
Ақылбек Күрішбаев. Photo: Сенат баспасөз қыметі.

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев елдегі ЖОО-ын реформалауды тезірек қолға алу керектігін айтады. Ол іргелі ғылымдарды оқытуда кенже қалған білім жүйесін баса айтып, теориялық білімді практикада қолданатын база жоқ екенін де жеткізді.

Сенатордың сөзінше, шетелдік жетекші университет түлектерінің бізден ерекшілігі олар нақты өндіріс жағдайында инновациялық шешімдерді өз бетінше таба алады және көбі оқуын аяқтағаннан кейін жұмыс іздемейді, керісінше, өздері жаңа жұмыс орындарын аша алады.

Күрішбаев ЖОО-ын реформалауға байланысты үш ұсыныс айтты.

  • Назарбаев университетінің үлгісі бойынша отандық
    жоғары оқу орындарын толыққанды автономды басқаруға көшіру жөніндегі басталған реформалардың аяқталуын тезірек қамтамасыз ету;
  • АҚШ, Германия, Қытай, Ресей және тағы да басқа мемлекеттердің үлгісінде отандық университеттердің ғылыми – техникалық әлеуетін дамытудың арнайы бағдарламасын қабылдау;
  • Ректор тек ашық конкурс негізінде тағайындалуы тиіс.

“Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес 2019 жылы
мамандарды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру
грантында оқыған университет түлектерінің тек 40 – 74%-ы ғана
жұмысқа орналасқан екен. Оның өзінде олар өз мамандықтарына
сәйкес жұмысқа орналасты ма жоқ па, белгісіз. Егер жағдай өзгермесе
біз жылда бюджет қаражатының кем дегенде 10 млрд теңгесін тиімсіз жұмсап отырамыз. Бұл дәйектер еліміздің жоғары білім саласындағыелеулі кемшіліктердің бетін ашып отыр. Бұл мәселе тек жеке меншік  университеттерді жабумен шешілмейді. Жалпы еліміздің университеттік жүйесін түбегейлі реттейтін уақыт келді”, – деді Күрішбаев. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз