Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылардың бағы жанды

0
183
Балқан математика олимпиадасының қола медаль иегері Феттуллах Сам. Нұр-Сұлтандағы "Білім-инновация" лицейінің 11 сынып оқушысы.

31 қазан-5 қараша аралығында өткен 37-ші Халықаралық Балқан математика олимпиадасында (Balkan mathematical olympiad) Қазақстан құрама командасы екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

Білім сайысында әлемнің 18 елінен 154 оқушы бақ сынаған. Биыл олимпиаданы Румыния елі ұйымдастырды. Олимпиада пандемия жағдайына байланысты онлайн өтті.

Олимпиадаға ұлттық құрама команданың 6 оқушысы қатысты. Олар 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әрі олимпиада резервінің мүшелері.

Министрлік мәліметінше, осы жылы құрама команданың көрсеткен нәтижесі өте жоғары болған.

Күміс медаль иегерлері: Асылбек Олжабаев және Таир Сатубалдин, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-11 сынып оқушылары.

Қола медаль иегерлері: Тамирлан Бектемісов, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Батырхан Сәкенов, Алматы қаласы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы; Юрий Тен, Алматы қаласы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы; Сам Фетуллах, Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандық оқушылар халықаралық математика олимпиадасына дайындалып жатыр

Балқан математика олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математика жарысы. Қазақстан олимпиадаға қонақ ретінде қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз