Петропавл қаласы карантинге жабылады

0
403
Петропавл қаласы.

9 қараша сағат 00.00-ден бастап Петропавл мен Қызылжар ауданына кіру-шығуға тыйым салынады. Бұл қаулыға СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Татьяна Горлова қол қойған.

Кімдерге қала аумағына кіріп, шығуға рұқсат етіледі?

  • халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • медициналық себептер бойынша кіріп-шығатын адамдар;
  • карантин стационарында емдеуде және бақылауда жатқан адамдар;
  • көлік, табиғатты қорғау және ветеринарлық қызметке, автомобиль жолдарын жөндеуге, авариялық-құтқару қызметтеріне, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жұмылдырылғандар, маңызды тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмекті, қатты, сұйық отын мен жанар-жағармай материалдарын жеткізушілер, сондай-ақ, облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қатамасыз етуге арналған тауарлар, жабдықтар мен материалдар тиелген барлық жүк көлігі (олардан растайтын құжаттар талап етіледі: мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жұмысшылардан – жұмыс орнынан еркін үлгідегі, мөрмен куәландырылған анықтама);
  • жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі куәлік болған жағдайда, үйден жұмысқа барып тұратындар.

“Қалған адамдарға, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, ПТР-анықтамасы  (үш күн бойы жарамды) болған кезде ғана кіруге рұқсат етіледі”, – делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласы аумағының карантин аймағының шекарасы белгіленді. Аумақ периметрі бойынша бекеттер қойылады. Авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел жәрдемнің қолжетімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескеріп, карантин аймағынан кіру/шығу пунктері анықталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз