Мүмкіндігі шектеулі жан 9 адамды жұмыспен қамтып отыр

0
89
Атырау облысының арбаға таңылған тұрғыны Әлия Исимованың балалар киімін тігетін шеберханасында биыл 9 адам жұмыс істейді. Бұл туралы Атырау облысы коммуникациялар қызметі хабарлады.
55 жастағы әйелдің бұл кәсіпті бастағанына биыл 5 жыл толды.
Басында жалғыз тігін машинасымен бастаған Әлия қазір кәсібін тігін шеберханасына айналдырды. Өзі де кәсібінің шебері ретінде балаларға арнап сапалы киімдер тігеді. Оның кәсібіне соңғы бес жылда “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” жобаларын дамыту үшін 4 рет қаржыландырған.
 
“Биыл біз шеберхана аумағын кеңейту үшін 6 миллион теңге несие алып, маусымда құрылыс жұмыстарын аяқтадық. Карантин кезінде тапсырыс көп түсті. Тапсырыс берушілер өте риза. Өйткені балаларға керек-жарақ пен сапалы киім-кешекті алыстан арбалаудың қажеті жоқ,” – деді Әлия Исимова.
 
Әлия бұрын базарда саудамен айналысқан. Кейін қатты сырқаттанып мүгедектер арбасына таңылады. Оның жылдан жылға дамуға деген құлшынысын арттыруға балалары себеп болған. Алғашында базарда жаялық сатумен айналысып, кейін өзі тіге бастаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз