ДАИШ содырлары Ауғанстанның солтүстігіне ойысты

0
64
дереккөзден

Сириядағы «Ислам мемлекеті» тобының құрамында соғысқан жауынгерлер Ауғанстанның солтүстігіндегі экстремистік топтарға қосылды, деп хабарлайды AFP ақпарат агенттігі.

Солтүстік ауған провинциясында пайда болған жауынгерлері құрамында Алжир, Франция, Тәжікстан, Өзбекстан және Кавказдың жергілікті тұрғындары байқалған.

Агенттіктің мәліметінше, шетелдік жалдамалылар Түркіменстанмен шекарадағы Джаузджан провинциясының солтүстігіндегі Дарзаб уездінде байқалған.

Солтүстік ауған провинициясындағы Дарзаб уездінің басшысы Джаузджан Бааз Мохаммад Довардың хабарлауынша, Сириядан қашқан шетелдік жауынгерлер топтары провинцияда қараша айында пайда болған.  Олардың құрамында екі әйел және Тәжікстан аудармашысы болған.

Довардың айтуынша, Дарзабта байқалған шетелдік жалдамалылар «Вилаят Хорасанның» (Ауғанстан мен Пәкістандағы ИГ* бөлімшесі) мүшелері болуы мүмкін.

AFP мәліметінше, Дарзаб тұрғындары шамамен 200 шетелдік Бибі Мариям ауылына жақын маңда жаттығу лагерлерін  ұйымдастырды деп хабарлаған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз