Түрікменстанда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында теміржол қозғалысына енгізілген шектеулер 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы “Демиреллары” АҚ сайты хабарлады.
“Жолаушылар пойызының қозғалысын 2021 жылдың 1 ақпанына дейін тоқтата тұру туралы хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін шектеу 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін енгізілген болатын.