Қазақстанға әйгілі “Тақиялы періште” фильмінің бас кейіпкері, Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Жетісу газеті хабарлады.
Қазақстанның мәдениет қайраткері, Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. Ол дүйім жұртқа “Тақиялы періште” киносымен танымал.
1968 жылы қазақ киносының алтын қорынан орын алған “Тақиялы Періште” кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, “Көгілдір такси”, “Қан мен тер” секілді оннан аса кинофильмге түскен.