Қазақстанда 1 ақпанда халыққа жаппай вакцина салу басталады

0
436

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды. Бұл туралы 19 қаңтарда өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой айтты.

Қарай отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы не ойлайды.

“Бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына вакцина салынады. Бұл шамамен 100 мың адам. Вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанынан басталады” деді министр Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, медициналық қызмет көрсететін мекеме мамандары (шамамен 150 мың адам) егіледі. Оларға наурыз айынан бастап дәрі салынады. Ал сәуір айынан бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, созылмалы аурумен ауыратын студенттердің (600 мыңға жуық адам) кезегі келеді.

Үкімет жоспарына сәйкес, жарты жыл ішінде 2 млн адамға вакцина салынады, қалған жартысында 3-4 млн адам егіледі. Алғашқы кезеңде тұрғындарға ресейлік вакцина салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз