Бас санитар дәрігер және вице-министр коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

0
221
Денсаулық сақтау вице министрі әрі елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовқа вакцина салып жатыр. 1 ақпан, 2021 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы, 6-шы аурухана.

1 ақпанда Қазақстанда халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Ресейлік “Sputnik V” вакцинасын денсаулық сақтау вице министрі әрі елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов және денсаулық вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Оларға вакцинаны Нұр-Сұлтандағы 6-шы ауруханада салды.

31 қаңтарда Қарағанды фармацевтикалық кешені елге ресейлік “Sputnik V” вакцинасының алғашқы партиясын жеткізген еді.

Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда — 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізбек.

Министрлік мәліметінше, сәуірден бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз