Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының сарапшылары 2021 жылы теңгенің долларға шаққандағы бағамына болжам жасады.
Теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы Brent маркалы мұнайдың бағасы 48,5 доллар болса және жаһандық экономикадағы белгісіздік күшейе түссе 432,8 болады. Осылайша ұлттық валюта 2020 жылмен салыстырғанда 4,8% – ға әлсіремек.
Теңге бағамын бағалау болжамның сыртқы алғышарттарымен байланысты болды. Атап айтсақ, Еуропада тарап жатқан коронавирустың жаңа штаммы және жаппай вакцинацияны ескерілді, деді зерттеу авторлары.
Зерттеушілердің болжамынша, Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша табыс мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 9,2% – ға номиналды жалақының өсуі аясында 9,5% – ға артады.
Инфляция 2020 жылмен салыстырғанда 6,5% деңгейінде болады. Бұл көрсеткіш теңгенің долларға қатысты әлсіреуі туралы болжамның және Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтайды дегеннің аясында алынды.
Үй шаруашылығы тарапынан тұтынушы сұранысының артуы, компаниялардың инвестициялық сұранысының қалпына келуі, экономиканың өсуін ынталандыру үшін жоғары мемлекеттік шығыстардың сақталуы, базалық болжам шеңберінде импортпен салыстырғанда экспорт көлемінің неғұрлым баяу өсуі аясында Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылы 5,7% болады деген болжам бар.
Жиынтық ұсыныс моделі бойынша жасалған болжамға сәйкес, осы жылы елдің нақты ЖІӨ былтырға қарағанда 3,8% өседі.
Осы жылға арналған ЖІӨ болжамын ескере отырып, жиынтық сұраныс 5,6%-ға тең болған. 2021 жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ қарқынының консенсус болжамы 4,8%.