ҚР СІМ жаңа мобильді қосымшаны таныстырды

0
86
ҚР СІМ

Шетелге шығатын қазақстандықтар үшін «SmartravelKZ» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильдік қосымша 14 желтоқсан Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.

Конференцияға ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев пен ҚР СІМ баспасөз қызметініңбасшысы Ануар Жайнақов қатысты.

Мобильдік қосымшаға қатысты пікір білдірген А. Мадиев аталған қосымшада азаматтарға тиімді болу үшін қосымшада шет елдердегі сақтандыру, медициналық қызмет жөнінде кеңестер, төтенше жағдайлардағы әрекеттер, пайдалы телефон нөмірлері, қазақстандық көлікпен тасымалдаушылары өкілдерінің байланыс деректері, сонымен қатар, медициналықжәне адвокаттық мекемелер бойынша ұсыныс беру сипатындағы ақпарат бар екенін алға тартты. Сонымен қатар қосымшаны пайдалану арқылы кез келген Қазақстан азаматы сол елдегі Қазақстан консулымен байланыса алатыны, онлайн режимде консулдық көмек алуға болатынын мәлімдеді.

Бұдан өзге мобильдік қосымшада елге кіргізуге және шығаруға тыйым салынған заттар, баж төлемей әкелу мен әкету ережелері, кез келген елдердегі мал дәрігерлік және фотосанитарлық бақылау туралы деректерді табуға болады. «SmartravelKZ» қосымшасы мемлекеттер туралы ақпараттар, барған елінде өзін ұстау нормалары, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқада маңызды мәліметтер береді.

Атап өтерлігі, шығарған «SmartravelKZ» тегін мобильдік қосымшасын ҚР СІМ жасап шығарған. Басты мақсаты – шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз