Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаулы етті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 желтоқсан
№ 605