Қазақстанда 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер өзі шешеді”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқуына рұқсат етіледі.
Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты киімде болуға рұқсат етілген.