Әлемде халықаралық әйелдер күні қалай өтті (фото)

0
291
Фермер әйелдер ауылшаруашылық заңдарына наразылық білдіріп жатыр. Үндістан, 8 наурыз Photo: Reuters / Danish Siddiqui

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні әлемнің әр елінде бейбіт шерулер дәстүрлі түрде белгіленген алаңдарда өтті. Осы жылы әйелдер ұйғыр мұсылмандарының құқығын жақтап, Мьянмадағы билікті басып алуға қарсы наразылықтарға қатысқан. Коронавирус пандемиясына байланысты бейбіт митингілер сирек өткен.

Мехикодағы ұлттық сарайда халықаралық әйелдер күніне арналған демонстрация. 8 наурыз, Мексика. Photo: Reuters / Toya Sarno Jordan
Афиныдағы парламент ғимаратының алдында халықаралық әйелдер күніне арналған демонстрация кезінде адамдар биледі және ән салды. Греция, 8 наурыз. Photo: Reuters / Alkis Konstantinidis
Барселонадағы жиын. Испания, 8 наурыз. Photo: Reuters / Nacho Doce
Диярбакырда халықаралық әйелдер күніне арналған шара кезінде дәстүрлі көйлек киген әйелдер биледі. Түркия, 8 наурыз. Photo: Reuters / Sertac Kayar
Сантьягода халықаралық әйелдер күніне арналған митинг кезіндегі қақтығыстар. Чили, 8 наурыз. Photo: Reuters / Ivan Alvarado
Буэнос-Айрестегі халықаралық әйелдер күніне арналған наразылық акциясы. Аргентина, 8 наурыз. Photo: Reuters / Flor Guzzetti
Сан-Паулудағы халықаралық әйелдер күніне арналған демонстрацияда Handmaid’s Tale костюмін киген белсенділер. Бразилия, 8 наурыз. Photo: Reuters / Carla Carniel
Карачидегі халықаралық әйелдер күніне орай өткен әйелдер маршына қатысушылар. Пәкістан, 8 наурыз. Photo: Reuters / Akhtar Soomro
Стамбулда халықаралық әйелдер күніне арналған митинг кезінде демонстранттар ОМОН-дармен қақтығысып жатыр. Түркия, 8 наурыз. Photo: Reuters / Murad Sezer

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз