АҚШ конгресі Байденнің “Американы құтқару жоспарын” мақұлдады

0
403
АҚШ президенті Джо Байден. Photo: bbc.com

АҚШ президенті Джо Байденнің коронавирус пандемиясының экономикаға кері әсерін жоюды көздейтін 1,9 трлн долларлық құжатын Конгресстің өкілдер палатасы мақұлдады.

Заң жобасына бір палатадан бір демократтан басқасының бәрі қолдап дауыс берді, республикашылдардың бірде-бірі құжатты қолдамаған.

Сенаттан өткен көмек пакеті заңына қол қою үшін құжат президент Байденге жіберілді.

Ақ үйдің өкілі Джен Псакидің айтуынша, президент заңға жұма күні қол қояды.

ҚҰЖАТТАҒЫ КӨРСЕТІЛГЕН ҚАРЖЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ?

  • Америкалықтарға 1400 доллардан бір реттік төлем жасалады.
  • Жұмыссыз қалғандарға апта сайын берілетін 300 доллар көмек қыркүйек айына дейін жалғасады.
  • Штаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 350 млрд доллар, мектептердің ашылуына шамамен 130 млрд доллар, кеңейтілген Covid-19 сынақтары мен зерттеулерге 49 млрд доллар, сондай-ақ вакцинаға 14 млрд доллар бөлінеді.

Елдегі минималды жалақыны сағатына 7,25 доллардан 15 долларға дейін көтеру туралы ұсыныс Сенатта даулы мәселе болды және заң жобасының соңғы редакциясына енгізілмеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз