Қазгидромет, 21 сәуір күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болуы мүмкін.
Петропавл қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болуы ықтимал.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші
кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, ал желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысынан, солтүстік-батыстан жел
соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болуы мүмкін.
Шымкент қаласында 21 сәуірде түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Түркістан қаласында 21 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-
шығыстан соғады, Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с болады.
Орал қаласында күндіз найзағай бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 18 м/с екпінімен күтіледі.
Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыстан,
оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші
кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік – шығыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20м/с болады.
Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан
жел соғып, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-
шығыстан жел соғып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20м/с екпініне жетеді.
Атырау қаласында кей уақыттарда шаңды дауыл, күндіз найзағай
күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын
болжамына байланысты 21-22 сәуір аралығында бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.