БИЛ түлектері білім ордасына 18 миллион тұратын сыйлық жасады

0
286

Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің түлектері білім алған ордаларына 18 миллион теңге тұратын қысқы күрке (беседка) салып берді. 

Былтыр 16 желтоқсанда қала әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейіне жаңа ғимарат тарту еткен болатын. 

Сәкен Сейфуллин көшесіндегі “Білім-инновация” лицейінің ескі ғимараты технологиялық колледж студенттеріне табысталды. Осы себепті лицей түлектері заманауи сипатта салынған күркені бірауыздан колледж студенттеріне тарту етті.

“Білім-инновация” түлектері ассоциациясының (“Astana alumni”) президенті Ернар Бутебаев пен Бекзат Булишев күркені табыстау барысында колледжге жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты жиын соңында күрке кілтін Ернар Бутебаев мырза табыс етіп, қызыл лентаны қиды. Колледж директоры және маслихат депутаты Разбекова Ләззат Мұратқызы түлектер мен “Білім-инновация” ұжымына алғыс айтты.

Колледж директоры және маслихат депутаты Ләззат Мұратқызы

қысқы күрке (беседка)

Оқи отырыңыз:  Нұр-Сұлтандық оқушылар БИЛ-ға емтихан тапсырды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз