Үшінші дүниежүзілік соғыстың ықтимал бес ошағы аталды

0
154
дереккөзден

Үшінші дүниежүзілік соғыс 2018 жылы басталуы мүмкін бес аймақты The National Interest журналындағы мақаласында америкалық профессор, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік бойынша сарапшы Роберт Фарли тізіп көрсеткен.

Әлемнің кейбір аймақтарында, атап айтқанда, Сирияда шиеленіс айтарлықтай төмендеді. Дегенмен, басқа да бірқатар қиындықтар күшейе түсті, деп жазады Р. Фарли, деп келтіреді Ca-news. 

Автор өз мақаласында әлеуетті қатерлі аймақтарға КХДР, Тайвань, Украина, НАТО мен Парсы шығанағының оңтүстік шекараларын тізіп шығады.

Сарапшының айтуынша, Солтүстік Корея айналасындағы жағдай қазіргі жаһандағы ең маңызды сыртқы саяси дағдарыс болып саналады, ал АҚШ пен КХДР арасындағы әлеуетті соғысқа Жапония мен Қытай тартылуы ықтимал.

Тайваньдағы жағдайға пікір білдірген Фарли, жоғары шенді Қытай әскерлері мен елшілерінің күрт мәлімдемелері ҚХР билеушілерінің кем дегенде бір бөлігі Пекиннің әскери артықшылығы бар деп есептейді. Бұдан өзге Қытай өңірде әскери белсенділікті арттырды, ал АҚШ Тайваньға ірі қару-жарақ жеткізілімдерін жариялады.

Сарапшының ойынша, Украинадағы ахуал күрделі күйде қалып отыр, және қақтығыс бірнеше бағытта болуы мүмкін. Киевтегі қазіргі үкіметтің құлдырауы, бұл Мәскеу үшін теориялық жағынан пайдалы болғанымен, Украинадағы тұрақсыздықтың одан әрі нашарлауына алып келуі мүмкін, сонымен бірге, онда ультра-құқық күштерінің өкілдері билікке келуі мүмкін. Украина Ресейдің күрделі әскери шабуылына ұшыраса, Мәскеумен кикілжіңге Еуропа елдері мен АҚШ тартылуы мүмкін.

Үшінші дүниежүзілік соғыстың төртінші ошағы ретінде Фарли АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынастарда толықтай құлдырауына орай НАТО-ның оңтүстік қапталын атайды.

Бесінші соғыс ошағы – Парсы шығанағындағы жағдайға қатысты пікір білдірген Франк Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы жалғасып жатқан қақтығысты атап өтеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз