Елордада жаңа мұз айдындары мен хоккей алаңдары пайда болды

0
107
дереккөзден

Елордада мұз айдындары мен хоккей алаңдарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Әкімдік медиа орталығының мәліметінше, «Сарыарқа» ауданының аумағында мұз айдындары мен хоккей алаңдары келесі мекен-жайлар бойынша орналасатын болады: Сарыарқа даңғылы, Қосшығұлұлы көшесі, Кирпичный елді мекені, «Өндіріс», «Көктал-1», «Көктал-2» тұрғын үй алқаптары. Есіл өзенінің жағалауында екі мұз айдыны ұйымдастырылмақ. Қалалық алаңда конькиді жалға беретін пункті бар қоғамдық мұз айдыны орналастырылуда. Бұдан бөлек, қысқы уақытта Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол алаңы мұз аренасына айналады.

«Алматы» ауданында хоккей алаңдары № 5, 27, 30, 31, 32, 57 мектептердің аумағында, сондай-ақ, «Железнодорожный» тұрғын үй алқабындағы №65668 әскери бөлімнің аумағында орналасатын болады.

Сонымен қатар, 25 желтоқсанда Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдынының ашылу салтанаты өтеді деп күтілуде. 26 желтоқсанда Жерұйық саябағындағы мұз айдыны ашылады.

27 желтоқсаннан бастап Президент саябағындағы қардан жасалған төбешіктерден сырғанау мүмкін болады. Барлық саябақтарда конькиді жалға беретін пунктер мен тамақтану орындары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, «Жастар» сарайының аумағында да мұз айдыны мен төбешіктен сырғанау мүмкін болады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз