Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге қайтарылды

0
52
дереккөзден

Қытай Астанаға Қытайда өлім жазасына кесілген, кейіннен жазасы өмір бақи бас бостандығынан айыруға алмастырылған Қазақстан азаматын қайтарды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Geplaatst door Anuar Zhainakov op donderdag 14 december 2017

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Facebook) 15 желтоқсанда Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімші қаласынан 1989 жылғы Ақмола облысының тумасы Отанына қайтарылғаны туралы хабарлады.

Азаматтың толық аты-жөнін Жайнақов мәлімдемеді. Дегенмен, Жайнақовтың жазбасында Қытайда жазаға кесілген Қазақстан азаматы 2009 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында құқық қорғау органдары есірткі тасымалдаумен айналысты деген айыппен ұсталған, кейіннен орындау мерзімі кешіктіріліп, өлім жазасына кесілгені туралы хабарланады. 2011 жылы азаматқа кесілген өлім жазасы өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылды.

ҚР Бас прокуратуасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытайда жазаға кесілген азамат қазір Астанадағы тергеу изоляторында.

Бұған дейін билікте Қытайда жазаға кесілген бірқатар қазақстандық азаматтарды қайтару туралы хабарланған еді. 2015 жылдың шілдесінде Қытай Қазақстанмен сотталғандарды қайтару туралы шартты ратификациялады. Биліктің мәліметінше, 2015 жылдың тамызынан бері Қытайдан Қазақстанға 15 сотталған азамат қайтарлған, оның 4 – осы жылы қайтарылды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз