Астанада жаңа жылдық шырша шамдары қашан жағылады?

0
174

Астананың басты жаңа жылдық шыршасы 18-желтоқсан күні кешкі уақытта жағылатын болады, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі.

18 желтоқсанда ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында еліміздегі Жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты мен қоса Мұз қалашығының ашылу салтанаты өтеді. Келушілерге арналған ойын-сауық бағдарламасы сағат 17:00-де басталады, шыршаның шамдарын жағу барысында отшашу болады.

Айта кетерлік жайт, қалашықтағы барлық коснтрукциялар мұздан жасалған, металл және ағаш конструкциялар мен каркастар қолданылмаған.

Шараға қонақ ретінде «Ringo» тобы мен «I’m a Singer Kazakhstan» жобасының финалистері жанды дауыста ән шырқайтын болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз