Нұр-Сұлтан БИЛ-де соңғы қоңырау соғылды

0
493

25 мамыр күні Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Солардың бірі Нұр-Сұлтандағы дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицейі. 

Соңғы қоңырау іс-шарасында көк ту көтеріліп, әнұран шырқалды. Мектеп бітіру жиынына келген Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов пен лицей директоры Эльбрус Пириев оқушыларға сәт-сапар тіледі.

Соңғы қоңырауда кіші сыныптар бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, лицей президенті Ибрагим Пириев болашақ он бірінші сынып оқушыларына білім белгісін табыстады.

Айта кетейік, іс-шара Нұр-Сұлтан “Білім-инновация” лицейінің жаңа ғимаратында өтті. Мектеп бітіру салтанатына оқушылар мен ата-аналар әлеуметтік арақашықтық сақтап, ережеге сай өткізді.  Биыл бұл мектепті 85 оқушы бітіріп шықты. Оның ішінде 76 түлек ҰБТ тапсырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз