Әзербайжан 6 армян сарбазын тұтқынға алды

0
202
Photo: wilsoncenter.org

Әзербайжан әскері Армения қарулы күштерінің барлау-диверсиялық тобының 6 сарбазын тұтқынға алды. Бұл туралы Әзербайжан қорғаныс министрлігі хабарлады.

“27 мамыр сағат 3:00 шамасында Армения қарулы күштерінің барлау-диверсиялық тобы армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасының Кельбаджар ауданындағы Юхары Айрым елді мекеніне қарай өтуге әрекет жасады. Нәтижеде қарсы Арменияның 6 сарбазы тұтқынға алынды”, – делінген Әзербайжан қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта. 

Ал Армения қорғаныс министрлігі сарбаздардың инженерлік жұмыстарды орындау кезінде ұсталғанын мәлімдеді.

Екі ел арасында жағдай кейінгі уақытта қайта ушыға бастаған.

Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақты Әзербайжан бөлігі деп біледі, бірақ 1990 жылдардан бастап бұл аймақты этникалық армяндар бақылай бастаған. Былтыр қыркүйек соңында аймақта жағдай қайта ушығып, алты аптаға созылған соғыстың нәтижесінде екі жақтан барлығы 6 мыңнан астам адам мерт болды. Қараша айында Ресейдің араағайындық етуімен тараптар арасында ортақ келісім жасалып, атыс тоқтады. Келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі мен жеті аудан Әзербайжан жағына қайтарылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз