Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камчаткада Ан-26 ұшағының апатқа ұшырап жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты Ресей басшысы Владимир Путинге көңіл айтты.
“Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын”, – делінген президент жеделхатында.
Ан-26 жолаушы ұшағы 6 шілдеде таңертең радар экранынан жоғалып кетті. Палана қыстағы – Корякск округының астанасы. Онда үш мыңға жуық адам тұрады.
Ұшақ бортында 22 жолаушы болған. Жолаушылар арасында Палана басшысы Ольга Мохирева да бар.