5-7 тамыз күндері циклон және оның атмосфералық фронттары әсерінен Қазақстанның біраз аймағында найзағай, бұршақ, қатты жел мен жылудың әлсіреуімен жаңбыр жаууы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.
Термометр бағандары түнгі уақытта еліміздің батысында 15-25 жылылықты, солтүстігінде 10-20 жылылықты көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 жылыға дейін, солтүстікте 23-30 жылыға дейін төмендейді.
Шығыста және орталықта ауа температурасы: түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус жылы болады.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа-райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауылмен жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы: түнде 20-28 градус жылы, күндіз 32-42 градус ыстық болады.