30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік бөлігі салқындайды. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс өңірлерді қоспағанда Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кетіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Оған қоса, жауын-шашын көктайғақ құбылыстарымен жалғасады. Түнде және таңертең тұман болжанады.
1 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонының батыстан шығысқа қарай ығысуына байланысты, жауын-шашынның тоқтатылуы, ауа температурасының одан әрі төмендеуі және күннің салқындауы күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аязға, күндіз 2-7 градус жылуға дейін көтеріледі. Еліміздің солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-15-тен 13-18 жылуға дейінгі аралықты құрайды.