КХДР БҰҰ-ның жаңа қарарын “соғыс актісі” деп мәлімдеді

0
82
дереккөзден

Пхеньян БҰҰ-ның жаңа санкциясын соғыс актісі ретінде қабылдап, мойындамайды. Бұл туралы КХДР СІМ мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Жұма күні БҰҰ ҚК Солтүстік Кореяның “Хвасон-15” құрылықаралық баллистикалық зымыранын сынауына жауап ретінде Солтүстік Кореяға қысым жасау үшін бірауыздан жаңа қарар қабылдады.

КХДР СІМ БҰҰ қабылдаған қарарды республиканың егемендігіне араласу, Корей түбегіндегі бейбітшілік пен тұтастықты бұзатын соғыс актісі ретінде қабылдайтындарын мәлімдеді.

КХДР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, «егер АҚШ қауіпсіздікте өмір сүргісі келсе, КХДР-ға қатысты қақтығысты саясаттан бас тартып, ядролық қаруы бар елмен бірге өмір сүруге үйренуі керек». Өкіл бұдан өзге БҰҰ ҚК-нің соңғы қарарын қолдап дауыс берген елдер «салдары үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алады».

Атап өтерлігі, КХДР-ға қарсы енгізілген жаңа қарар шикі мұнай мен мұнай өндіру өнімдерін жеткізуге қосымша шектеулер енгізеді. Бұдан өзге қарарда мемлекеттерге 2 жыл көлемінде Солтүстік Кореялық мигранттарды елдеріне қайтару талап етіледі.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз