“Тембин” дауылы Таиландқа ойысты

0
120
дереккөзден

Таиландтың оңтүстігіне «Тембин» күшті дауылы жақындап келеді. Метеорологтар тайфун курорттық провинцияларда соғуы мүмкіндігін болжады. Табиғи апаттан Самуи аралы зардап шегуі мүмкін.

Бұған дейін Филиппинда болған қатты дауыл кесірінен шамамен кем дегенде 240 адам көз жұмды, деп жазады rosbalt.ru.

Полиция таратқан ақпарға сәйкес, Минданао аралының солтүстігінде 135 адам қаза тапса, Замбоанга түбегінде 47 адам, Оңтүстік Ланаода 18 адам көз жұмған. 144 адам із-түссіз кеткендердің қатарында, 40 мың адам эвакуацияланған.

Биліктің мәлімдеуінше, құрбандар санының артуына филиппиндіктердің бейқамдығы себеп болған. Олар ең қауіпті жағалау аймақтарынан шұғыл бой тасалау қажеттігін ескермеген. Нәтижесінде, тұрғындар табиғи апаттың құрбанына айналды.

Аймақта әлі де қатты жауын нөсерлеуде. Дауыл Филиппиннен Вьетнамға қарай ойысқан, деп жазады Asian Сorrespondent. Вьетнам билігі табиғи апат орнауы мүмкін екендігіне байланысты тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз