Үкімет басшысы жылу беру маусымын бақылауда ұстауды тапсырды

0
59
дереккөзден

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 26 желтоқсан ҚР Үкіметінінің отырысы барысында жылу беру маусымының өту барысын тұрақты ұстауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырыс барысында баяндама жасаған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қазақстандық тұтынушылар электр және жылу қуатымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 5 қыркүйек күні өткен Үкімет отырысы барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізді.Бозымбаевтың мәліметіне сәйкес, жөндеу жұмыстары барысында 8 энергетикалық блок, 57 қазандық, 35 турбина, сондай-ақ 24 мың шақырым электр желісі қалыпқа келтірілген. Отандық электр стансаларының отын қоймаларында 4,3 млн тоннадан астам көмір және 111 мың тонна мазут жиналған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Өз кезегінде инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көмір тасымалдау жағдайы туралы мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда көмір тасымалдауға арналған ашық вагон паркі 50 мыңнан астам бірлікті құрайды. Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері 43,5 млн тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл жоспардың 98 пайызын құрайды.

Жылыту маусымы өңірлерде де штаттық режимде жүріп жатыр. Үкімет отырысында қазіргі жағдай туралы облыс әкімдері, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мәлімдеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз