Қазгидромет: Алдағы үш күн тұрақсыз ауа райы сақталады

0
228

Қазгидромет 26-28 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Гидролог мамандардың болжамы бойынша алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Тіпті кей жерлерде тұман болжанады.

  • Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылиды. Солтүстік-батыста да түнде ауа температурасы 0-5 аралығында болады.
  • Қазақстанның орталығында түнде  -3…+5-тен -7…+ 3 дейін төмендесе, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін түседі.
  • Шығыста түнде -3…+5 пен -1…+ 7 арасында болады. күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.
  • Елдің оңтүстігінде -1…+7-ден -3…+5 дейін сәл төмендеу температура орын алады. Күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылу болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз