Коронавирустың жаңа штамы “Омикронның” ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында 3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
- Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылады.
- “Омикрон” жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі
- “Омикрон” жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күндік үй карантиніне оқшаулануы тиіс.
Оқи отырыңыз: Коронавирустың жаңа штамы “Омикрон” туралы не білеміз?
“Санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет” – делінген хабарламада.