Алдағы үш күнде ауа райы -30 градусқа дейін төмендейді

0
153
фото: Pixabay / аязды ауа райы

Қазгидромет болжамы бойынша 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы -30 градусқа дейін төмендейді.

9 желтоқсанда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 градус аязға дейін барады.

10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарының циклоны әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюіне алып келеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аязға дейін салқындайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз