Исекешев 1 қаңтарда жедел кеңес өткізді

0
87
дереккөзден

Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа жылдың алғаш күні таңертең жедел кеңес өткізді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Facebook) Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева хабарлады.

Э. Жүргенбаева жиналыс қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, Ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, қалалық коммуналдық қызмет басшыларының қатысуымен өткенін атап өтті.

Баспасөз қызметі жетекшісінің жазбасында: «Кеңесте өткен тәулікте қаламыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды», – делінген. 

Тиісті құрылымдық бөлімше басшыларының хабарлауынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болғанын жеткізген Жүргенбаева қала әкімінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолдар тазалығын сақтау мақсатында барлық қалалық коммуналдық қызметтерге бірқатар міндеттер қойғанын жеткізді.

«Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды», – деп қорытындылайды Жүргенбаева.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз